Жаңалықтар

Батыр ауылдық мешітінің алғашқы кірпіші қаланды

Осыдан бір жыл бұрын Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Батыр елдімекеніндегі алғашқы мешіттің жер көлемі белгіленіп, қазығы қағылған болатын. Алайда, бүкіл әлемді жайлаған пандемия салдарынан, ғибадат үйінің құрылысының басталуы біраз кешікті.

Бүгін ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына арнайы атбасын бұрып, Батыр ауылының әкімі Сауыт Нұрғаліұлы мырзамен бірге құлшылық үйінің алғашқы кірпіштерін қалады.

«Кірпіші қаланып жатқан жаңа мешіт – Мұнайлы ауданындағы 10-шы мешіт болып табылады. Алла қаласа, бұл ғибадат үйінде бір мезетте 500 ден астам адам құлшылық жасай алады. Мешіт құрылысына қаражат бөліп, қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла разы болсын», – деді бас имам Әнуар Ізімбайұлы.

Tags

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close