Жаңалықтар

Бас мүфти мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасына қатысты

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өткізілген қайырымдылық акциясына қатысты.

Бассейнге емдік мақсатта бір айлық сертификат жастайынан түрлі дертке шалдыққан 30 балаға табыс етілді.

«Алла Тағала дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық берсін. Мұсылманның міндеті – әркез бауырына қамқорлық таныту, мейірбан болу. Акция аясында табыс етіліп отырған сертификаттар сауығып кетулеріңізге себепші болғай» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, игі шара өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының ұйымдастыруымен өтті. Сондай-ақ кция аясында Сириядан «Жусан» операциясымен оралған 17 балаға киім-кешек табыс етілді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close