Жаңалықтар

Бас имам студент жастармен кездесті

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына іс-сапары кезінде «Маңғыстау техникалық колледжінің» студенттерімен кездесті.

Білім ордасында өткен рухани һәм танымдық кездесуге Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Хабибуллаұлы, Маңғыстау өңірі бойынша Ихсан іліміне жауапты Саламат Түгелбайұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бағытына жауапты Еркеғали Әлбетов, Жастар ісі секторының меңгерушісі және «Зекет» корпоративтік қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы, «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің жергілікті жауапты өкілі Мұхамбет Исағалиұлы, Маңғыстау ауданының бас имамы Амалбаев Құралбай, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Азамат Нұғыманұлы қатысты.

Әнуар Ізімбайұлы жастарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметімен таныстырып, діни ақпаратты сенімді ақпарат көздерінен іздеу керектігі туралы баяндама жасады.

Өз кезегінде Іздібай Бегенұлы жастарды уақыттарын дұрыс жоспарлауға, білім алып, болашақта бәсекеге қабілетті маман болуға шақырды.

Азамат Нұғыманұлы болса заманауи діни мәселелер жөнінде кеңінен ақпарат беріп, қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға келтірер зияны туралы мәселелерге тоқталып, олардың құрығына түспеу үшін жастарды діни тұрғыдан сауатты болудың маңыздылығы жайлы айтты.

Кездесу соңында жастар дін қызметкерлеріне көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close