Жаңалықтар

Бас имам «SMART ILIM» мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Ізімбайұлы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы технологияның соңғы үлгісімен жабдықталып салынған «SMART ILIM» мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты.

«Жер бетіне түскен ең алғаш Құран аяты бекерден бекер «Оқы!» деген сөзден басталмаса керек. Ыбырай атамыз «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» деп айтқандай, барша оқушыларды білім нәріне зейін салып, оқуға шақырамын. Дарынды шәкірт – білікті ұстаздың жұмысының жемісі. Ұстаздар қауымы, ел ертеңі болып табылатын оқушыларымызды барынша ынтамен баулыңыздар. Баршаңызға, бүгінгі білім күні құтты болсын», – деді бас имам Ануар Ізімбайұлы өзінің құттықтау сөзінде.

Аталмыш мектеп-гимназиясы 525 орынға арналған. Екі ауысымды оқудың арқасында бұл білім ошағында 1050 оқушы білім ала алады.

Сондай-ақ, бұл мектепте компьютер сыныбы, интерактивті сыныптар, арнаулы пәндер бойынша зертханалар, кітапхана, мәжіліс залы, спорт зал және басқа да заманауи материалдық-техникалық үлгіде жабдықталған оқу бөлмелері бар.

Айта кетсек, биылғы бірінші сынып оқушыларына мектеп атынан тегін оқу формасы беріліп, күнделікті бетперделер таратылатын болады.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close