Жаңалықтар

Бас имам Қараман ата қорымына зиярат жасады

Бүгін ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына арнайы іс-сапары барысында Қараман ата қорымына зиярат жасады.

Әнуар Ізімбайұлы бастаған бір топ дін қызметкерлері Қараман ата жер асты мешітіне арнайы ат басын бұрып, Құран бағыштады.

Сапар барысында бас имам ҚМДБ тарапынан қабылданған «Зират және зиярат мәдениеті» құжатында айтылған зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран сүрелерін оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар және өзге де бірқатар мәселелерге айрықша мән беріп, маңыздылығына тоқталып өтті.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close