Жаңалықтар

Бас имам мешіт құрылысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына арнайы іс-сапармен барып,  Дәулет ауылындағы мешіттің құрылысымен танысты.

Аталмыш сапар барысында Мұнайлы ауданның бас имамы Руслан Сағынтайұлы, Баянды ауылдық мешітінің имамы Саламат Түгелбайұлы және осы мешітті салушы Жақсыгелді Әбуұлы ағамыз Әнуар Ізімбайұлын жұмыс барысымен таныстырып, құрылыс алаңын аралатты.

Мұнайлы ауданында бұл мешіттен бөлек, Батыр ауылында да зәулім мешіт бой көтеріп жатқанын еске салайық.

Құрметті жамағат! Дәулет елдімекеніндегі мешіттің құрылысына үлес қосып, сауапты істен құр қалғыңыз келмесе, келесі нөмір бойынша хабарлассаңыз болады:

+7 701 777 5785 – Жақсыгелді Әбуұлы.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close