Жаңалықтар

Бас имам Маңғыстау ауданының әкімімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына арнайы іс-сапармен барды. Аталмыш сапар барысында бас имам аудан басшысы Тілек Жеткізгенұлымен кездесті.

Жергілікті әкімшілік ғимаратында өткен кездесуге Маңғыстау өңірі бойынша Ихсан іліміне жауапты Саламат Түгелбайұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бағытына жауапты Еркеғали Әлбетов, Жастар ісі секторының меңгерушісі және «Зекет» корпоративтік қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы, «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің жергілікті жауапты өкілі Мұхамбет Исағалиұлы, Маңғыстау ауданының бас имамы Амалбаев Құралбай, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Азамат Нұғыманұлы қатысты.

Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлерін жылы шыраймен қабылдаған Тілек Жеткізгенұлы жергілікті имамдардың ауданның рухани өміріне қосқан үлесінің ерекше екендігін атап өтті.

Жергілікті мешіттердің тыныс-тіршілігіне қатысты әңгімеде Жармыш ауылындағы мешіт құрылысының аяқталуы, Қызан ауылында салынатын мешіт мәселесі, Оңды ауылындағы мешіттің жағдайы және өзге де мәселелер ортаға салынды.

Сонымен қатар қайырымдылық жұмыстарын бірлесіп атқару, асыл діннің насихаты, жат ағыммен күрес тақырыбы сөз болды. Кездесу соңында Тілек Жеткізгенұлы ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігінің ұсыныстарын толық қолдайтынын жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close