Жаңалықтар

Бас имам дін істері басқармасы қызметкерлерімен кездесу өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жергілікті дін істері басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аталмыш кездесуге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Қойшиев, ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов және дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Мақсатбек Шахзадаұлы діни оңалту бағыты бойынша облыс аумағында жасалып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен мәлімет беріп, сонымен қатар бірлесіп жұмыс жасау мәселелерін ортаға салды.

Өз кезегінде бас имам Әнуар Ізімбайұлы бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс нәтижелеріне ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігі мен аймақтық дін істер басқармасы арасында жемісті ынтымақтастық болатынына сенім білдірді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close