Жаңалықтар

Бас имам алғыс хатпен марапатталды

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бағымыз да, байлығымыз да – Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлына алғыс хат табыс етілді.

Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Болатқанұлы Нүкежановтың ыстық сәлемін жеткізіп, рухани келісім күніне орай еліміздегі діни тұрақтылықты сақтауға және қоғамдағы конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін өңіріміздің бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлына арнайы алғыс хат табыс етті.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close