Жаңалықтар

«Балалар үйі» назардан тыс қалмады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау өкілдігінің ұйымдастыруымен, Құрбан айттың 2-ші күніне байланысты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.

Пайғамбарымыздың «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін еңбек еткендер Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» деген хадистері мен, халқымыздың «Жетім көрсең жебей жүр» деген нақылын басшылыққа алған ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Елжанов бастаған орталық мешіт имамдары Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесіне ат басын бұрып 150 киллограмм құрбандық етін табыстады.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close