Жаңалықтар

Атырау имамдары – Әбіш Кекілбайұлы музейінде

Маңғыстау облысына арнайы сапармен келген Атырау облысының имамдары Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне арнайы ат басын бұрды.

Алтынбек қажы Ұтысханұлы бастаған атыраулық имамдар музей тынысымен танысып, көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлына арналған залды аралады.

Әулиелер мекенінің тарихына қанық болып, рухани нәр алған имамдар игі іс-шараға ұйытқы болған Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлына алғыстарын білдірді.

Еске сала кетейік, Атырау облысы имамдарының рухани сапары Маңғыстау өңірінде жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close