Жаңалықтар

«Asia milk» cүт өнімдеріне халал сертификаты табысталды

Маңғыстау өңірінің халқына өзінің тіл үйірер сүт өнімдерімен танымал «Asia milk» маркасы «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.

Аталмыш іс-шараға ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы қатысып, халал өнім өндіруге ниеттенген мекеме басшыларына алғыс білдіре отырып:

«Халал ас — бұл дініміздің ережелеріне сай өндірілген экологиялық таза өнім. Сол себепті, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтындар — мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, халал сертификатталған өнімдерді қолдана алады деп есептеймін. Қазірдің өзінде, әлем бойынша миллиондаған адам халал өнімдерінің — адам денсаулығы мен гигиенасы үшін пайдалы екендігіне көз жеткізуде. Сіздердің табыстан бөлек, халықтың игілігі үшін адал өнім шығаруға ниеттенгендеріңіз — үлкен жетістік. Алла осы бағыттағы қадамдарыңызды қабыл алып, сауаптан жазсын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», — деп айтты.

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Қобланов Іздібай алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close