Жаңалықтар

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті: «Жомарт жүрек» шарасы өтуде

Қасиетті жұманың құрметіне Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Жомарт жүрек» шарасы өтуде.

Ізгі іс-шара барысында «Маңғыстау-Басқұдық-Ақтау» қоғамдық көлігінің екі маршруттық автобусы бүгін тегін қызмет көрсетіп жатыр. Таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін аталмыш автобустар жолаушыларды ақысыз таситын болады.

«Бүгін еліміздің «жасыл» аймақтарындағы мешіттерде көптен күткен жұма намазы оқылатын болады. Осы күнді жамағат сағына күтті. Күндердің сұлтаны – қасиетті жұма күні әр мұсылман баласы Аллаға разылық етіп, ерекше шүкіршілік етуі тиіс. Сондай-ақ, игі істерге көп мән беруі керек. Себебі, Алланың қалауымен, бұл күні айтылған дұға-тілектер мен істелген ізгі амалдар қабыл болады», деді Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев.

«Бүгін Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде де ұзақ үзілістен кейін санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, жұма намазы оқылады. Мешіт жамағатын үйді-үйге жеткізу үшін арнайы автобус шақырылды. Жұма намазынан соң тұрғындар үйлеріне тегін көлікпен баратын болады. Бұл – ғибадат үйі ұжымының қасиеттін жұмаға және жамағатқа деген ерекше құрметінің бір белгісі», деп қосты Құрбанбек Абдалиев.

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close