Жаңалықтар

Ақ жүректі Жамал апамыз бақилыққа аттанды

Кеше, қасиетті Құрбан айттың 2-ші күні ел анасы атанған, алты алашқа аты мәлім Жамал апамыз дүниеден озды.

Тарихшы Шайдарбек Әшімұлы ағамыздың «Жамал ана» атты мақаласында:

«Бүгінде қазақтың Бибіпатымасы деуге тұрарлық, кешегі Домалақ ана, Қарашаш, Ұлпан, Зере сынды дана ғой, зеректе, көреген, бүкіл елдің намысын арқалауға жаратылғандай алып жүрек аналарымыздың ізбасарлары арамызда әлі де бар екені қуантады. Ұрпағының ғана емес, ұлт тұтастығының бірдей жан-тәнімен бәріне күш қуатын жұмсап, көңілінің шуағын бар жоққа бірдей төгіп келе жатқан асыл аналарымыздың бірі – бүгінде есімі көпке ортақ Жамал апа атанған Бибіжамал Мәлікқызы», – деп жазуының өзі, апамыздың тұлғалық бейнесін толық ашып тұрғандай.

Жамал апамыздың атқарған істері мен қайырымдылықтары туралы қанша айтсақ та жеткіліксіз. Анамыздың есімі халқының есінде мәңгі қалмақ.

ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің атынан Аблазимовтар әулетіне қайғырып көңіл айтамыз! Алла апамыздың алдынан жарылқасын. Сабырлы, бекем болыңыздар!

Алланың рақымы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болғай!

Ануар Ізімбайұлы,

ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close