Жаңалықтар

Әнуар Ізімбайұлы: Қалалық «Бекет ата» мешіті Ақтаудың символдарының біріне айналады

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Ақтау қаласында бой көтеріп жатқан қалалық «Бекет ата» мешітінің құрылысымен танысты.

Іс-шара аясында қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Құрманбек Лашкарбекұлы облыс бас имамын жаңадан салынып жатқан ғибадат үйінің құрылыс барысымен таныстырды.

Көне Ақтау қалалық мешітінің жеріндегі құрылыс жұмыстары биылғы Рамазан айынан кейін басталған болатын. Ескі мешіт ғимаратының орнына бой көтеріп жатқан заманауи үлгідегі құлшылық үйі 2000 жуық шаршы метр аумақты алып, 1 мыңға жуық адамға арналатын болады. Нысан 2022 жылдың ішінде халық қолданысына берілуі тиіс.

«Бұл қалалық мешіт болашақта Ақтау қаласы символдарының біріне айналады деген сенімдеміз», деді Әнуар Ізімбайұлы.

Бұл мешіттен бөлек, Ақтау қаласында «Ержан хазірет», Жаңаөзен шаһарында «Сәби Атабайұлы», Мұнайлы ауданының Дәулет және Батыр ауылдарында, Түпқараған ауданының Баутино елді мекенінде де құлшылық үйлері салынып жатқанын еске салайық.

 

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close