Жаңалықтар

Адал кәсіптің маңыздылығын түсіндірді

Мұнайлы ауданы Баянды ауылдық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Есенбекұлы радио қонағы болды.

Маңғыстау радиосының «Иман кілті» хабарының тікелей эфирі барысында Мейрамбек Есенбекұлы «Адал кәсіп» тақырыбында тағылымды сұхбат беріп, Алла Тағала тарту еткен қабілет-қарыммен аянбай тер төгіп, еңбек етудің маңыздылығын атап өтті.

Маңғыстау өңіріне қарасты мешіттердің дін қызметкерлері жүйелі түрде жергілікті телеарналар мен радио секілді бұқаралық ақпарат құралдарының рухани-танымдық бағдарламаларының қадірлі қонағы ретінде қатысып келеді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close