Жаңалықтар

«Әбіш қожа» мешіті: Құран жарысы өтті

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Көкірегінде Құраннан ешнәрсе болмаған адам, қирап қалған үй тәрізді», – деп айтқан.

Осыған орай, жамағат арасында әл-Китабтың яғни, Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру, оны жаттаудың маңыздылығын насихаттау мақсатында Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Шәкірттер жарысына «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Хафиз Мұсаұлы, «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлы, «Әбіш қожа» мешітінің ұстазы Қарасай Қожабекұлы сынды дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.

Аталмыш жарысқа 10 шәкірт қатысып, «Әбіш қожа» мешітінің іші Құранның әсем үніне толды. Жарыс ережелеріне сай қасиетті Құранның «Ясин» және «Мүлік» сүрелері жатқа айтуы, қатысушылардың оқу қырағаты, тәжуид ережелерін сақтауы, жаттау қабілеті сыналды. Аталған шарттардан сүрінбей өткен қатысушылар әділ қазылар тарапынан үздік деп танылып, жарыс нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді.

І орынды Жүзбаев Нұрлыбек жеңіп алса, ІІ орынды Көтеков Нұрлыбек, ал ІІІ орынды Айбек Ахметұлы иеленді.

Жүлделі орын алған шәкірттердің әрқайсысына дипломдар мен діни сыйлықтар берілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға ҚМДБ тарапынан мақұлданған «Жастарға арналған 30 хадис» кітабы сыйға берілді.

Іс-шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталғанын еске салайық.

Tags

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close