Дауысы жұмақтан шыққан сахаба

Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) Миғражда Алла Тағаланың құзырына көтерілгенде, Жәбірейіл періште жәннат пен тозақты көрсетті. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):
⠀
–Жәннаттан әсем әуенмен оқылған Құран дауысы естідім,- дейді. Оқып отырған дауыс та өте таныс. Дауысы жәннатқа жетіп тұрған бұл қай бақытты құл екен? – деп Алла елшісі (ﷺ) қайран қалды. Жәбірейіл періштеден сұрап еді:
⠀
«Бұл анасының қызметін жасап жүрген Харисатубни Нұғман деген жігіт қой» деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):
⠀
«Анаға жақсылық деген – осы, анаға жақсылық деген – осы, анаға жақсылық деген – осы» деп қайталай берді.
⠀
Көрдіңіз бе, өзгенің емес, анасына жақсылық жасаушының даусы жәннаттан шығып отыр.
⠀
«Жан ана, сіз жеңіз, анашым, сіз ішіңіз, сіз отырыңыз, сіз дем алыңыз» деп құрақ ұшып ата-анаға қызмет етудің бір көрінісі – осы.
⠀
Аналарымыз аман болсын! Қадірін тірісінде білейік!