Мақалалар

Әнуар Ізімбайұлының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауы!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті Маңғыстаулықтар! Қадірлі Ақтаулықтар!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің, жергілікті дін қызметкерлерінің және өзімнің атымнан сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Біз ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманының куәгеріміз. 30 жылда еліміз әлем мойындаған алдыңғы қатарлы мемлекетке айналып, барлық салаларда айтарлықтай оң өзгерістер болғаны ақиқат.

Бүгінгі күні бәрімізге ортақ, қайталанбайтын, бірегей ел тарихы жазылуда. Осы жауапкершілікті сезініп қана қоймай, күш-жігерімізді, білімімізді, әлеуетімізді баршамыздың ортақ мақсатымыз – Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне бағыттауымыз қажет.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында:

«Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін», деп жазғандай, басымыздағы баянды бақты, Алла Тағаланың теңдесіз сыйын бағалай білейік.

Халқымыздың арманының асқары, бақытының діңгегі болған ұлық мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!

Әнуар қажы Ізімбайұлы,

Маңғыстау облысының бас имамы

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close